Каркен Ақнұр

Каркен Ақнұр («Қаржы» мамандығы, 3-курс): Мен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Астана қаласындағы Еуразия гуманитарлық институтына Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен оқуға келдім. Озық білімді, ұшқыр ойлы, жаңашыл, өз ісінің маманы ұлағатты оқытушылар осы оқу орнында деп айтсам болады. Институтта қазіргі заман талабына сай білім алуға барлық жағдай жасалған. Жалпы институт тазалағымен, жан – жақтылығымен, ұйымшыл ұжымымен ерекшеленеді. Еуразия гуманитарлық институты білім алушыларын көптеген ғылыми конференцияларға қатыстырады, мен де білімімді сынап, қатысып көріп, жүлделі орынға ие болдым, жақында ғана Алматы қаласындағы Сүлейман Демирель Университетіне ғылыми конференцияға барып келдім.

Осы оқу ордасынан керемет достар таптым десем де артық болмас еді. Осы институтта өткен жарты жыл оқуым жүрегімнің төрінде мәңгі сақталады. ЕАГИ – бір қарағанда кішкентай болғанымен, білімі терең, өзіндік дәстүрі бар Астанадағы беделді оқу орны.