Кездесу

2015 жылғы 8 қазан күні «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Астана қалалық филиалы Астана қаласының жоғарғы, орта-мамандандырылған кәсіптік оқу орындарында «Жас Отан» Жастар қанатының ақпараттық-таныстыру жұмыстарын жүргізу кезінде Еуразия гуманитарлық институтының студент жастарымен кездесу өткізді. Жастар арасындағы үйлесімділікті одан әрі нығайту және жастардың қоғам өміріне араласуға деген қызығушылықтарын ояту. Білімге, еңбекке, рухани құндылықтарды насихаттауға шақыру, бос уақыттарын пайдалы және тиімді өткізуге кеңес беру мақсатында өткізілген кездесуге ИЯк-15-01, ИЯк-15-02 оқу топтары қатысты.