«Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Жазушы Әкім Үртайұлы Таразидың 90 жас мерейтойына орай, әдебиет порталында кафедра доценті Лаура Дауренбекованың қаламгерге арналған мақаласы жарияланды.

2023 жылғы қыркүйектің 21-22 күндері Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық өнер университетінде көрнекті жазушы, драматург, киносценарист, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың иегері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Әкім Үртайұлы Таразидің 90 жас мерейтойына орай «Әкім Тарази әлемі: әдебиет, театр, кино және педагогика» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды.