Кітапханадағы Наурыз
Наурыз мейрамын тойлау күндері кітапхананың оқу залында кітапханалық қызметтердің белсенді пайдаланушылары отырыс өткізді. Кітап сүйер қауым қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерттеді. Содан кейін алған білімдерімен, зерделенген материалдарымен бөлісіп, қабырға газеттері байқауына, театрландырылған қойылымға қатысты.
Кітапханада «Наурыз – көктем, жыр-думан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, К. Кенжеахметовтың «Қазақ халқының тұрмысы, ұлт мәдениеті», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Тал бесіктен жер бесігіне дейін», «Хош келдің Наурыз!», «Ұлыстың күні – Наурыз» атты және т.б.еңбектері көпшілікке ұсынылды.
Кітапханашылар институттың мерекелік іс-шарасына да қатысты. Ұлттық костюмдер киіп, әріптестерімен бірге «Бесікке салу» рәсімін өткізді.