Кітапханадағы тақырыптық сабақ
2025 жылғы 31 наурызда қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары Н.К. Кажекенова, А.Е. Саркенова, Р.А. Казина ЕАГИ кітапханасының оқу залында 1-курс студенттеріне тақырыптық сабақ өткізді (ШТ-24-01, ШТ-24-02, ЮК-24-01, КТ-24-01 академиялық топтар). Сабақ барысында студенттерді анықтамалық-библиографиялық аппараттың жұмысымен таныстырды. Кітапхана қызметкерлері аннотацияны, библиографиялық сипаттаманы, кітапхана-библиографиялық кестені, авторлық жүйелеу кестесін пайдалану бойынша экскурсиялық шолу жүргізді. Сабақты қорытындылау кезінде кітапханалық қызметтердің белсенді пайдаланушыларына естелік кәдесыйлар табысталды.