«Комплименттер» акциясы

Ағымдағы жылдың 4 қазанында «Сенім» ЕАГИ студенттерін психологиялық қолдау клубы «Жүрегіңді жаралаған сөздер» әлеуметтік экспериментін өткізді. Студенттер жасырын түрде оларды ренжіткен сөздерді жазып, себетке тастады. Эксперимент нәтижелеріне сүйене отырып, 20 қазанда клуб мүшелері «Комплименттер» акциясын өткізді. Акция барысында оның қатысушылары ашық хаттармен бірге айналасындағыларға жағымды эмоциялар, көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлады.