Конференцияға қатысу
2019 жылдың 26-27 сәуірінде педагогика кафедрасының оқытушылары «SANA» ғылыми-практикалық психология орталығы ұйымдастырған «XXI ғасырда адамзат капиталын дамыту факторы ретінде академиялық және әлеуметтік-эмоционалдық оқытуды біріктіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференцияның бағыты – бәсекеге қабілеттілік пен психологиялық өмірге төзімділік деңгейін арттыру үшін қажетті болып табылатын білім алушылардың әлеуметтік-эмоционалдық құзыреттіліктерін дамыту.