Конференция қорытындысы туралы

2020 жылғы 13 ақпанда «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі» мамандығының  ПМНО-17-01 тобында оқу-тәрбие практикасы бойынша қорытынды конференция өтті. Практика барысында студенттер үш оқу іс-шарасын өткізді, практиканттар сыныптағы ағымдық жұмысқа қосылды, жеке сабақтар өткізді, ата-аналар жиналыстарына қатысты, кейбірі толыққанды сабақтар өткізді.

Студенттер өз баяндамаларында өздерінің жетістіктері мен бетпе-бет келген қиындықтарын, сондай-ақ әлі де алу керек білімдерін атап өтті. Болашақта олар мектепте жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдірді. Конференция жылы және сындарлы жағдайда өтті.

Конференцияға кәсіби практика және мансап үйлестірушісі А.Т. Оспанова, топ кураторы, п.ғ.к., доцент Қ.А. Мұхамбетова, п.ғ.к., доцент Р.У. Накипбекова, практика жетекшісі, п.ғ.к., доцент А.Б. Изделеуова шақырылды.