«Корей мәдениеті Сізге жақын»

2023 жылы Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени алмасу жылын мерекелеу шеңберінде ағымдағы жылдың 22 ақпанында Корей мәдени орталығында А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ ПД-22-01, ПДТ-22-01 (1-курс, «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы) академиялық топтарының студенттерімен бірлесіп Орталық ұйымдастырған «Корей мәдениеті Сізге жақын» іс-шарасы өтті.

Іс-шара бағдарламасы орталықтың қызметі туралы бейнероликті көруді, орталыққа экскурсияны, Корей халық ойындарына қатысуды және «чумокпаб» корей ұлттық тағамын дайындау бойынша мастер-класты қамтыды.