Коронавирусты жұқпалы аурудың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Еуразия гуманитарлық институтында Коронавирусты жұқпалы аурудың алдын алу бойынша эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес коронавирусты жұқпалы аурудың алдын алу мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 3 ақпанында институт оқытушылары мен қызметкерлері алдында №3 қалалық емхананың учаскелік терапевті М.М. Аметова мен медбике С.С. Рахметова, коронавирусты жұқпалы аурудың алдын алу шаралары туралы хабарлама жасады. Оқу ғимараттарында, Студенттер үйінде коронавирустың алдын алу және одан сақтану туралы плакаттар ілінді, желдету, тазарту режимі сақталуда. 4 ақпанда старостат және кураторлар жиналысы өтті, онда медициналық қызметкерлер коронавирустың алдын алу және одан сақтану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жұмыс бекітілген жоспарға сәйкес жалғасуда.