Критерийлік бағалау: практикадағы білім мен дағды

2018 жылдың 26-28 наурызында «Критерийлік бағалау» пәнінің шеңберінде «Педагогика және психология» мамандығының екінші курс студенттері үшін Астана қаласы №31 орта мектебінің мұғалімдері И.В. Белятко, Н.В. Дубилевич, Ф.К. Агубаева (біздің институтымыздың түлектері) тәжірибе сабақтарын өткізді. Олардың әдістемелік жұмыстағы бай тәжірибесі мен орта білімнің мазмұнын жаңарту аясында бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстары ЕАГИ үшін өте маңызды. Олар өткізген тәжірибе сабақтары студенттерге қиын теориялық материалды меңгеруге және критерийлік бағалауды практикада қолданудың дағдыларын қалыптастыруға көмектесті.