Кураторлық сағат: «Негізін қалаушы. Профессор Амангелді Құсайынов»
2025 жылдың 20 қазанында ИЯ-25-03 академиялық тобының кураторы, оқытушы Қадырбекқызы Фарида Еуразия гуманитарлық институтының негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құсайыновтың өмірі мен қызметіне арналған кураторлық сағат өткізді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерді институт негізін қалаушының тұлғасымен, оның білім мен ғылымға қосқан үлесімен таныстыру, отансүйгіштік пен кәсіби жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Студенттер ғалымның өмір жолымен танысып, оның тәжірибесі мен еңбегінен өздері үшін құнды идеяларды атап өтті.



