«КВЕТКІ З ЧУЖЫХ ПАЛЁЎ» IV халықаралық көркем аударма байқауы
А.К. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері (ИЯ-23-01 академиялық тобы) Данара Бегимова мен Алишер Шарипов«Орыс поэзиясының ағылшын тіліне көркем аудармасы» номинациясы бойынша «КВЕТКІ З ЧУЖЫХ ПАЛЁЎ» IV халықаралық көркем аударма байқауына қатысты. Байқауды Беларусь мемлекеттік университетінің (Беларусь Республикасы) Әлеуметтік-мәдени коммуникациялар факультетінің аударма теориясы мен практикасы кафедрасы және Вологда мемлекеттік университетінің (Ресей) Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар институтының ағылшын тілі кафедрасы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: шығармашылық бастаманы дамыту және кәсіби аударма қызметін жүзеге асырғысы келетін талантты жастарды анықтау болды. Байқау қорытындысы бойынша Д. Бегимова жеңімпаз атанды, А. Шарипов екінші орынды иеленді. Студенттердің ғылыми жетекшісі: шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А. М. Сәрсенова.