Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының 60 жылдығына арналған апталық.

2022 жылдың 21 ақпанында, «Мектепке дейінгі білім берудің трансформациялану жағдайындағы инновациялық бағыттар» тақырыбында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының 60 жылдығына арналған апталығы өз жұмысын бастады. Аптаның ашылу күнінде Еуразия гуманитарлық институтының «Педагогика» кафедрасының оқытушылары мен 6В01205 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. ЕАГИ педагогика кафедрасының атынан кафедра меңгерушісі, профессор, п.ғ.к. Нығыманова Н.Т. сөз сөйледі.