Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен тренинг
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Өзін-өзі жетілдіру үшін жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер ашылды. Осымен байланысты Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де 2019 жылдың 26-28 ақпаны аралығында жастар тарапынан үлкен қызығушылық тудырған бизнесті үйрету бойынша тренинг өтті. Бұл іс-шараға Астананың әртүрлі ЖОО-ларының, оның ішінде біздің институтымыздың студенттері қатысты. Тренингтің бағдарламасы мазмұнды және қызықты болды: тренингті ұйымдастырушылар қазіргі кезеңдегі еңбек нарығы туралы әңгімеледі, мансаптық мақсаттарды талқылады, ұйымдағы әдеп пен корпоративтік мәдениет туралы айтты. Студенттер сұрақтар қойды, әртүрлі жасампаз тапсырмаларды шешті. Тренингтің қатысушылары көптеген қызықты ақпарат алды және коучингке ықыласпен қатысты.