Ұлағатты ұстаз мерейтойына арналған іс-шара

4 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасы жанында құрылған «ХХІ ғасыр лингвистері» атты бірлестіктің ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор Нұржамал Оралбайқызының 90 жылдық мерейтойына арналған дөңгелек үстел өтті. Атаулы іс-шараға институтымыздың атынан қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценттері, ф.ғ.к. Назерке Мағазқызы Қоқышева, п.ғ.к. Нұргүл Хамзаханқызы Шадиева мен аға оқытушы, п.ғ.м. Аслан Есемқанұлы Алимбаев қатысып, ғалымның ғылымға сіңірген еңбегі, өз алдына қалыптастырған өнегелі мектебі, тіл білімі ғылымын жетілдірудегі, жаңалық әкелудегі жетістіктеріне тоқталып, өз ойларымен бөлісті.