Лаңкестіктің алдын алу бойынша семинар
2019 жылдың 31 мамырында әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор Оспанов Сұлтанбек Сағымбайұлы, тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Оспанова Ярослава Николаевна, Еуразия гуманитарлық институты психологиялық қызметінің жетекшісі Абдрашитова Татьяна Анатольевна, азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі жөніндегі бөлімнің бастығы Жүсіпбеков Мұрат Тастанбекұлы адамдардың жаппай жиналатын объектілерінің қызметкерлерін, сонымен бірге қорғау кәсіпорындарын лаңкестік қауіп-қатер кезіндегі әрекетке үйрету бойынша семинарға қатысты. Бұл семинарды «Терроризмге қарсы күрес туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес АТАМЕКЕН ҚР КҰП ұйымдастырды.