Латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың рөлі» атты семинар-кеңес өтті
2019 жылдың 28 қараша күні Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының тілші-ғалымдары «Латын графикасына көшіру үдерісіндегі жастардың рөлі» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды. Семинар барысында әліпби реформасының жалпыхалықтық сипат алу жолдары анықталып, қазақ тілін дамытудағы латын графикасының рөлі туралы сөз қозғалды. Семинар-кеңеске жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар, студенттер қатысып, өз ойларын ортаға салды.