“ЛАТЫН ƏЛІПБИІНЕ КӨШУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ НЕГІЗІ”

Қараша айының 13 жұлдызы күні Еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасының филиалы орналасқан Астана қаласының № 48 мектеп-лицейінде педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы әдістемелік жұмыс тобының мүшесі Нұргүл Хамзаханқызы Шадиева мен педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Аслан Есімханұлы Әлімбаев “Латын əліпбиіне көшу – рухани жаңғыру негізі” тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.