Әлемдік демократияның тарихы мен тәжірибесі» ЖОО аралық студенттік ғылыми конференциясы

«Астана» Халықаралық университетінде 2023 жылдың 11 сәуірінде «Әлемдік демократияның тарихы мен тәжірибесі» тақырыбында ЖОО аралық студенттік ғылыми конференция өтті. Ғылыми іс-шарада түрлі елдердегі демократия институтының тарихи даму ерекшеліктерінің өзекті мәселелері талқыланды. Конференция жұмысына сарапшы ретінде А. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының педагогика кафедрасының профессоры С.А. Ескалиев қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.   Конференцияға 6В01606 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері де қатысты.