Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі

2018 жылдың 10-11 қазанында Астанада «Қауіпсіз өмір үшін дині көшбасшылар» тақырыбында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезі өтті. Негізгі баяндама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзі болды. Форумда пленарлық және секциялық мәжіліс форматында лаңкестікпен, экстремизммен күрес, бітімгершілік, серіктестік мәселелерінде жаңа шешімдер іздеу сынды адамзаттың ең өзекті мәселелері талқыланды. Форумның бағдарламасы мазмұнды болды: негізгі спикерлердің және қонақтардың сөзі, «Нұр әлем» болашақ мұражайына бару, салтанатты концерт және т.б. Тыңдаушы ретінде п.ғ.м., доцент Г.У. Аренова; п.ғ.м., аға оқытушы Ұ.К. Байтурина; п.ғ.м., аға оқытушы Л.У. Алипбекова және ПД-16-01, ПДК-16-01, ПДК-17-01 тобының студенттері қатысты.