Әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор
Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақ білім академиясының корреспондент-мүшесі
С.С. Оспанов аспирантураны бітіргеннен кейін Ақмола университетінде аға оқытушы, доцент, факультет деканы, проректор қызметтерін атқарды, 1995-1998 жылдары «АҚҚУ» жеке тәуелсіз институтының ректоры, 1999-2001 жылдары – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры.
2002 жылғы ақпаннан бастап – институттың әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры. С.С. Оспанов институттың қаржылық және материалдық ресурстарын басқаруға, бюджетті жоспарлау мен бақылауға, шаруашылық қызметті қадағалауға, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға, студенттер мен қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық қолдауды қамтамасыз етуге, студенттердің жатақханада тұруын ұйымдастыруға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамытуға және ЖОО-ның тұрмыстық мәселелерін шешуге жауапты.
С.С. Оспанов өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінде оқу үдерісінің тәрбиелік аспектісіне, студенттердің бойында патриотизм сезімін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ерекше назар аударады. 50-ден астам ғылыми жарияланымдары бар.
Табысты ғылыми және педагогикалық еңбегі үшін С.С. Оспанов ҚР БҒМ-ның «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгілерімен, «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов алтын медалімен және орденімен марапатталған.