«Әлихан Бөкейханов: аңыз адам» атты дөңгелек үстел

2021 жылдың 18 желтоқсанында ЕАГИ студенттер үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.к., профессор К.Д. Ыдырысов қоғам қайраткері және этнографтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейханов: аңыз адам» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: ұлт-азаттық қозғалыс жолына түскен қазақ халқының көрнекті ұлы Әлихан Бөкейханның бай ғылыми-эпистолярлық мұрасын, өмірі мен қызметін ұғыну.