«Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік»
23-24 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» Еуразия мемлекеттері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтті. Елімізде бірінші рет өткен форум жұмысына Еуропа мен Азияның 65 елінен парламенттік делегациялар, 14 халықаралық парламенттік ұйымдар өкілдері қатысты.
Айтулы кеңеске Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Елбасы кеңеске қатысушылардың алдында континент елдері арасындағы Еуразиялық диалогты, сенім мен әріптестікті нығайту жөнінде бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Кеңеске бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдары қатысты. Еуразия гуманитарлық институтының оқытушылары Ахметов Қ.Ә., Айтказин Т.К., Аманбаев А.Ж., Абдрашитова Т.А., Нығыманова Н.Т., Алипбекова Л.У., Дьяченко О.В., Сулятецкая Н.Л., форумның пленарлық мәжілісіне қатысып, Еуропа мен Азия парламенттері өкілдерінің жаһандық мәселер туралы ауқымды ой-пікірлерін тыңдап қайтты.