Ұлттық академиялық кітапханада Тұрсынбек Кәкішевтің жеке кітапханасы «Ғалым» залы ашылды

20150907_11_03_47_56066

Қыркүйектің жетісінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық жоғары мектептер ғылым академиясының құрметті академигі Тұрсынбек Кәкішевтің жеке кітапханасы «Ғалым» залы ашылды.

2015 жылы өмірден өткен ғалымның жеке кітапханасында гуманитарлық ғылымдар бойынша бес мыңға жуық кітап, сондай-ақ белгілі жазушылар Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқановтардың өмірі мен қызметіне қатысты құнды мұрағаттық құжаттар бар. Ғалымның қолжазбалары, мұрағаттық құжаттары мен басқа да материалдарынан құралған 83 папка құжат кітапханаға сыйға берілді.

Тұрсынбек Кәкішевтің жеке кітапханасын ғалымның жұбайы, филология ғылымдарының докторы, профессор Күләш Садыққызы Ахмет ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қорына тарту етті.

Аталмыш іс шараға Еуразия гуманитарлық институты Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Р.С. Тұрысбек және Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенттері қатысып келді.