Ұлттық академиялық кітапханадағы дөңгелек үстел

2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Ослодағы бейбітшілікті зерттеу институтының профессоры, «Sirkel Forlag» баспасының бас редакторы, Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін»  норвег тіліне аударған Норвегиялық ғалым Осхильд Кулостың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шараны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Норвегиядағы Елшілігі, Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің модераторы Еуразия гуманитарлық институты  қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының магистрі Баянғали Ғалымжанұлы болды. Дөңгелек үстелде әрбір қонақ Абай Құнанбайұлының еңбектері туралы ой қозғап, өзіндік пікірлерін ортаға салды, норвегиялық ғалымға өз сұрақтарын қойып, аударма жөнінде сыр-сұхбат құрды. Сонымен қатар, музыкант Бақталант Ұлықпанұлы Абай әндерінен шашу шашты.