ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫ мәселелерін талқылаймыз

2021 жылғы 14 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтының студент жастары көшбасшыларының ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары Исабекова Аида Жарасовнамен кездесуі өтті.

Аида Жарасовна халық санағының қажеттілігі мемлекеттілік пайда болған кезде туындағанын атап өтті. Алайда қазіргі мағынада санақ жақында пайда болды. Тәуелсіз Қазақстанда бірінші ұлттық халық санағы 1999 жылы өтті, ал екіншісі – 2009 жылы санақтың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі болды.

COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасында 2020 жылға жоспарланған кезекті ұлттық халық санағын өткізу 2021 жылға ауыстырылғаны белгілі.

А.Исабекова: «1 қыркүйекте бұл ауқымды процесс басталды, ол ең сенімді ақпарат көзі болып қала береді, өйткені ол азаматтардың жеке сауалнамаларына негізделген. Халық санағының қорытындысын асыра бағалау қиын. Өйткені, бұл жай сандар емес. Бұл Қазақстан Республикасында өткен 10 жыл ішінде болған экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсететін деректер», – деп есептейді.

Спикер А.Исабекова: «Санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының жағдайын, неке-отбасы қатынастарын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу үшін, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет», – деп толықтырды. Мысалы, жұмыссыздардың жауаптары еңбек нарығын зерттеуге және қажет болған жерде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Балалар саны туралы мәліметтер мектептер, бақтар және басқа да балалар мекемелерін салу жоспарларын түзетуге көмектеседі. Тұрғылықты жері туралы деректер жолдар мен басқа да қажетті инфрақұрылым құрылысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, А.Исабекова барлық студенттерді санаққа қатысуға шақырды (онлайн немесе оның дәстүрлі форматында). sanaq.gov.kz сайты 15 қазанға дейін тәулігіне 24 сағат қол жетімді. Интернетте санақ жүргізбегендерге сұхбат алушылар 1-30 қазан аралығында сұрақ қояды. Барлық сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.