«Ұлттық код және руханият»

2017 жылғы 24 қарашада Еуразия гуманитарлық институтының қазақ және орыс филологиясы кафедрасы кітапханамен бірлесе отырып, оқырман залында филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Сағымбекұлы Тұрысбектің жетекшілігімен «Ұлттық код және руханият» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинар жұмысына кафедраның профессорлар-оқытушылар құрамы, кітапхана қызметкерлері, «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының күндізгі және сырттай орта арнаулы, жоғары білім негізінде білім алып жатқан студенттер, кафедраның филиалы орналасқан Астана қаласы №48 мектеп-лицейінің  мұғалімдері мен оқушылары қатысып, рухани жаңғыру, қоғамдық сана,  үш тілділік, латын әліпбиі және т.б. қазіргі заманғы көкейтесті мәселелер жөнінде сөз қозғады, семинар соңында сертификаттар табысталды.