Ұлттық мұражайға саяхат
2025 жылғы 19 қазанда куратор Е. К. Даурембековтің бастамасымен «Құқықтану» ББ ЮРТ-25-01 академиялық тобының студенттері тәрбиелік және танымдық жұмыс шеңберінде Ұлттық музейде болды. Экскурсия студенттерге бай тарихи-мәдени мұрамен танысуға, ой-өрісін кеңейтуге және өткенмен рухани бірлікті сезінуге мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар отансүйгіштікті қалыптастыруға, туған ел тарихына деген қызығушылықты арттыруға және жастар арасында мәдени құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.




