Ұлттық құрылтайдың IV отырысына арналған кураторлық сағат

2025 жылғы 18 наурызда ШТ-22-01 академиялық тобының кураторы (3-курс, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы) С.Е. Давлетова ұлттық құрылтайдың IV отырысында мемлекет басшысы К.-Ж. К. Токаев көтерген мәселелерді талқылауға арналған кураторлық сағат өткізді. Атап айтқанда, жастар саясаты, білім беру жүйесін жетілдіру және ұлттық бірегейлікті нығайту тақырыптары қаралды.