Ұлттық валюта күні
2021 жылдың 15 қарашасында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары «Қаржы» білім беру бағдарламасының студенттерімен бірге ұлттық валюта күніне арналған «цифрлық экономиканы дамыту жағдайындағы жаңа қаржы моделі» атты зияткерлік ойын өткізді. Ойынға «Қаржылық талдаушылар» командасы (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ), «Active» командасы (ҚазЭҚХСУ), «NEXT» командасы (ЕАГИ) қатысты. Қазылар алқасының құрамына жұмыс берушілер шақырылды: ВТБ банк өкілдері А.Е. Сереке және Р.Р. Галимов және Forte банк өкілі М.К. Карымбенов. Ойын қызықты өтті, студенттер оған белсенді қатысты. Командалар «Қазақстанның цифрлық экономикасының дамуы жағдайындағы қаржылық инновациялар» тақырыбында үй тапсырмасын өте жақсы қорғады. Ойын қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.