«Лудомания – қазіргі қоғамның дерті»
28 қазанда 2024ж ЭжМП кафедрасының аға оқытушысы Кожахметова А.Г. ҚЭТ-24-01, Қ-23-01,Қ-21-01 топтарында «Лудомания – қазіргі қоғамның дерті» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Қазіргі қоғам дертіне айналған ойынға деген құмарлықты ғалымдар-лудомания дейді. Ал, еліміздегі жас жеткіншектеріміздің бұл дертке шалдығуының себебі не? Лудомания ойыны – жастармен ересектер арасындағы құмар ойындарға тәуелділік мәселелесі – қазіргі таңда өзекті болып отыр. Ойынқұмарлардың көбеюі салдарынан елімізде лудомандарды емдейтін арнайы орталықтар да ашылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған ақпараттарына сенсек, елімізде ойын құмарлықтан жапа шеккендердің саны отыз алты мыңнан асып жығылады.
Жалпы, құмар ойындарының зардабы елдің дамуына кері әсерін тигізіп, адамның кері кетуіне ықпал ететіндігін нақты ұғынуға тиіспіз. Ел болып, бесігімізді түзетеміз десек, жастарымызға бұл дерттің зиянын барынша ұғындыруымыз қажет.
Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерді «Лудомания» сөзінің анықтамасымен, құмар ойындарға тәуелділіктің себептері мен алдын алу, сондай-ақ күрделі мәселелерден қорғану жолдарымен қатар олардың бойындағы адами құндылықтарды қорғау, оның зардаптарын түсіндіру, алдын алу, олардың құмар ойындарына қарсы білімдерін жетілдіру болып табылады.
Презентация, слайдтар пайдаланылды. Куратор өмірден мысалдар келтіріп, ақыл-кеңестерін берді. Студентер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.
Қызықты пікірталас өтті. Ойынға тәуелділіктен зардап шегетін адамның мінез-құлқын ешкім өзгерте алмайды оның өзі өзгеруге тырысу керек деген қорытынды жасалды.