Ұлы Дала ақыны: Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына
2021 жылғы 24 қарашада Еуразия гуманитарлық институт пен Сарыарқа ауданының ардагерлер кеңесі халық шығармашылығының сарқылмас байлығының иесі, қазақ ауызша-поэтикалық өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған іс-шара өткізді.
Іс-шараны Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Айтмағамбетқызы Құсайынова және ЕАГИ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова ашып, Жамбыл Жабаевтың қазақ халқының поэтикалық өнерінің дамуына үлкен үлес қосқанын, өз өмірін Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтарды насихаттауға, мейірімділік, әділдікті жырлауға, патриотизмді тәрбиелеуге арнағанын атап өтті.
Іс-шара барысында «Асыл қазына» және «Зерек бала» (Қарсыбек Алтынай, Құттыбай Айгүл, Бердалы Үміт, Тойшыбай Лазима, Оспан Айяда) ғылыми үйірмелерінің жетекшілері және ақын шығармашылығының өкілдері қатысты. Сондай-ақ студенттер ақынның Отан, батырлық, тәрбие, тарих тақырыптарын бейнелейтін өлеңдерін ерекше сезіммен оқыды. Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен институт студенттерінің орындауындағы домбыра,қобыз, гармошка әуендері іс-шараның жарқын оқиғасы болды.
Қатысушылардың назарына Жамбыл Жабаев туралы бейне-челлендж ұсынылды, онда «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері және «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы (ДОВк-18-01, ПМНОк-18-01 академиялық топтары) куратор, доцент Ырысты Амзеевна Тобағабылованың жетекшілігімен қазақ поэзиясындағы ақын бейнесінің маңыздылығы туралы айтылды.
Ардагерлер кеңесінің белсенділері «Жамбыл Жабаев – 175» кітап-иллюстрациялық көрмесін дайындап, рәсімдеді.
Іс-шара халық аспаптар ансамблінің жарқын өнерімен аяқталды.