Ұлы дала – Ұлысым!

2016 жылдың қыркүйек айының 24 жұлдызында Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарай төрінде, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай Жамбыл облысы өнерпаздарының «Ұлы дала – Ұлысым!» атты концерттік бағдарламасы көрсетілді.

Жамбыл облысының жұлдыздарының театрландырылған көріністері сахна шымылдығын ашып, күмбірлеген әсем күйі, оркестрдің сүйемелдеуімен мың бұралған бишілері, көмей дауысты әншілері барша көрермендің көңілінен шыға білді. Бұл концертке көрермен болып барған Еуразия гуманитарлық институтының өкілдері мен студенттері қатысып келді. Студенттер Риода өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, Тараз өлкесінің тумасы Зүлфия Ғабидуллинамен естелік суретке түсіп, жоғары көңіл күйде тарқасты.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
2-курс студенті
Дәут Айым