«Ұлы дала жауынгерлері» көрмесі

Еуразия гуманитарлық институтының «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл, Ұлы Отан соғысының батырлары Хиуаз Доспанова, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына арналған «Ұлы дала жауынгерлері» көрмесінің ашылуына қатысты. Көрме экспозициясы ел мен жерді жаудан қорғаған батыр қазақтардың әскери ерлігін бейнелейді, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының батырлары мен Тәуелсіз Қазақстанның жауынгерлерін көрсетеді.