Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймыз!

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер!

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймыз!

9 мамыр – Фашизм талқандалған Жеңіс күні – бізге өмір сыйлаған ең маңызды мерекелердің бірі. Ол – сынбаған қайсар рухтың және әкелеріміз бен аталарымыздың, ағаларымыз бен апа-қарындастарымыздың ерліктерінің күш-қуаты, біздің жеке тарихымыз, отбасы тарихы, ел тарихы. 1945 жылғы Жеңіс күні – сол сұрапыл соғыста қаза тапқандардың және одан аман қалғандардың барлығын еске алу және оларға деген терең құрметтің символы, ол  жаңа ұрпақты жігерлендіреді, дұрыс жол сілтейді. Осы ұлы күнді ұмытпайық, соғыс та қайталанбасын. Өйткені бейбіт күнде туылып, өмір сүру, соғыс сұмдықтарын көрмеу, жақындарыңды жоғалтпау, туыстарының өмірі үшін алңдамау қандай бақыт десеңізші!

Біздің борышымыз – сұрапыл соғысты және сарбаздардың ерліктері жайлы сетеліктерді сақтау!

Сіздерге бейбітшілік, қуаныш пен денсаулық, жаңа үміт пен өркендеу, бақыт пен сәттілік тілейміз!

Ректорат