Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің 180-жылдығына арналған «Зерек бала» – ғылыми-әдістемелік үйірмесінің «Білім берудің қазіргі теориясы мен практикасы үшін Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасының маңызы» тақырыбында дөңгелек стөл.
2021 жылдың 2 қарашасында «Педагогика» кафедрасының, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша «Зерек бала» атты гылыми-әдістемелік үйірмесінің кезекті отырысы, ДОВК-18 тобының студенттерінің қатысуымен өтті. Отырыс «дөңгелек стөл» форматында, Ұлы педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналып, «Білім берудің қазіргі теориясы мен практикасы үшін Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасының маңызы» тақырыбында ұйымдастырылды. Отырыс барысында студенттер Ы.Алтынсариннің әңгіме-шығармаларына тоқталып, оларды мектепке дейінгі балалардың оқытуы мен тәрбиесінде пайдалану мүмкіншіліктеріне көңіл аударды. Іс-шара барысында Ы.Алтынсариннің әңгімелері бойынша түсірілген бірнеше анимациялық және қысқаша көркем фильмдер қарастырылып, мазмұны мен тәрбиелік мәні талқыланды. Соңында студент Әбіш Айшолпан домбырамен терме орындады.