Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің КММ Жезді мектеп-интернатының ұстаздары А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында
2025 жылдың 5 ақпанында, Ұлытау облысы білім басқармасының Ұлытау ауданы білім бөлімінің «Жезді мектеп-интернаты» КММ директоры Г.Ә. Әлсейт, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Т. Куламбаева, бастауыш сынып мұғалімі З.М. Жанабилова, география пәнінің мұғалімі Ж.Ж. Шөпбай А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына келді. Нәтижесінде білім беруді, ғылымды дамыту, тәжірибемен алмасу мақсатында өзара серіктестік жөніндегі Меморандум жасалынды.«Жезді мектеп-интернатының» педагогтері кездесу барысында педагогика және тарих кафедрасымен ынтымақтыста жұмыс жасауға келісті.