Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығы

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасында 2 ақпанда қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған ашық сабақ өткізілді.

Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаев тек қазақ әдебиетіне ғана емес, сонымен бірге аударма ісіне де өлшеусіз үлес қосты. Өз кезінде ол қазақ тіліне орыс классикасын, шетел әдебиетін, оның ішінде Уолт Уитменді, Дантенің «Таңғажайып комедия» туындысын аударған. Оның есімін Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов және басқа да қазақ әдебиетінің классиктерімен қатар қояды.

Мейірімді болу, жақсылық жасау, қайғыға ортақтасу қабілеттері ақынның адамға баға беруде басты өлшемі және шығармашылығының арқауы болып табылады. Жазған жолдарын халықтың түсініп қабылдағаны оған маңызды болды.