Мәдениеттер диалогы: халықтар арасындағы көпір

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы А.М. Сарсенова «Мәдениеттер диалогы: халықтар арасындағы көпір» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Оған ИЯ-23-01, ШТ-22-02 академиялық топтарының студенттері қатысты (2, 3 курстар, «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы).

Студенттер елдің мәдени мұрасының байлығы туралы әңгімелесті, әртүрлі халықтардың дәстүрлерімен бөлісті және біріктіруге қабілетті ортақ тіл тапты. Бұл кездесу елімізде тұратын түрлі этностардың өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен құрметті нығайтуға жасалған тағы бір қадам болды.