«Мұнара салу» тақырыбындағы тренинг

2022 жылғы 20 қарашада ЕАГИ психологиялық қызметінің басшысы А.Н. Қабыл және «Асыл жүрек» клубының ерікті студенттері Тұрсынхан Ұ., Қанатқызы М. және Аппозбек А. (ППК-19-01 академиялық тобы) студенттер үйінде тұратын студенттерге «Мұнара салу» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: коммуникативтік, көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру және тренингке қатысушылар арасында жолдастық сезімін дамыту. Студенттер тренингке белсенді қатысып, оны өткізгеннен кейін жағымды эмоцияларымен бөлісті.