Мұрат Берік

Мұрат Берік («Қаржы» мамандығы, 3-курс студенті): Мен Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің студентімін. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2016-2017 оқу жылының І семестрінде Еуразия гуманитарлық институтына оқуға келдім. Студенттік өмірімнің бір бөлігін Астана қаласында өткізгеніме қуаныштымын. ЕАГИ-де тəжірибелі ұстаздардан дəріс алып, білімімді жетілдірдім. Институттың игі істері өте көп. Студенттермен тығыз байланыста. Əр білімалушыға жақсы жағдай қарастырылып, оларды қызықтыра біледі. Білім алып қана қоймай, жақсы достар таптым. Жақсы адамдармен танысып, араластым. Өз мамандығыма деген қызығушылығым мені биік шыңдарға көтерді. Жүрек қалауымен таңдаған ісімнің арқасында білім алуға деген құлшынысым арта түсті. Елордамызда керемет институт қабырғасында оқығаныма қуаныштымын. Елімізде осындай мықты білім ордаларының барына қуанамын. Еуразия гуманитарлық институтында алған білімім болашақта мені биік шыңға көтеретініне сенімдімін.