Мадина Куандыкпен мастер-класс

2023 жылдың 28 сәуірінде педагогика кафедрасының доценті И.А. Тобагабылова және кафедраның аға оқытушысы А.Т. Балтабаева әлеуметтік кәсіпкер, этнодизайнер Мадина Куандыкпен мастер-класс ұйымдастырды, оған «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері қатысты (БО–22-01 академиялық тобы). Мастер-класс аясында Мадина Куандык «Капсырма» авторлық жобасын ұсынды.  Іс-шараға қатысушылар ұлттық бас киімдерді, атап айтқанда: кимешек, такияны дайындаудың ерекшеліктері туралы ақпарат алды.