Макмиллан баспасының семинары

2018 жылдың 9 қазанында шетел тілдері кафедрасының оқытушылары мен жоғары курс студенттері «ELT upgrade: practices and innovations with skillful presenter» семинарының жұмысына қатысты. Аталған іс-шара «The Charlesworth Group» тәуелсіз және дүниежүзінде жоғары сапалы баспа болып танылған компанияның өкілі болып табылатын Dr.Gareth Dyke қатысуымен Макмиллан баспасы ұйымдастырды және өткізді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.