Mecenat.kz әдеби байқауы
2025 жылдың 30 мамырында Ұлттық академиялық кітапхана жас жазушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында іс-шара ұйымдастырды. Биылғы жылдың жеңімпазы «Тургенев көшесіндегі үй жұмысқа қабылдайды» туындысымен Алихан Жақсылық болды. Іс-шараға мәдениет қызметкерлері, журналистер мен қазақстандық әдебиетшілер қатысты. Жеңімпаздарды құрметтеуге А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты кітапханасының қызметкерлері Г.Х. Абдигазиева, С.Н. Баракова, Э.Д. Бекбулатова қатысты.