«Мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық кодты қалыптастыру» тақырыбындағы қалалық семинар

2025 жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық кодты қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар ұйымдастырылды. Семинар аясында «Тоғызқұмалақ ойыны күніне» арналған «Бестемше» қосымша білім беру бағдарламасының таныстырылымы өтті. Семинарға А.Қ. Құсайынов атындағы ЕАГИ-дің, педагогика және тарих кафедрасының аға оқытушысы А.Ж. Хасанованың жетекшілігімен «Мектепке дейінгі» ББ студенттері қатысты.