Мектеп – ЖОО: сауаттылықты оқытудағы практикалық тәсілдер мен тиімді әдістер
2020 жылдың 6 қарашасында сағат 13.10-да ПМНО 18-01 тобының үшінші курс студенттері үшін № 1 мектеп-лицейінің педагог-модераторы, бастауыш сынып мұғалімі Рыжко Ольга Александровнамен кездесу өтті. Аталған іс-шараны қазақ және орыс филологиясы кафедрасының доценті Ж.Д. Маликова «Сауаттылыққа оқыту» пәні аясында жоспарлады. ZOOM платформасында жоспарланған 40 минуттық уақыттың орнына студенттер мен оқытушылар 90 минут ішінде әңгімелесіп, өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, мектеп мұғалімінен толық жауаптар алды.
“Сауаттылыққа оқыту: практикалық тәсілдер мен тиімді әдістер” атты дәріс-әңгіме болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін мазмұнды, ақпараттық, пайдалы болды: лектор Рыжко бастауыш мектеп оқушыларымен жұмыс істеудің нақты жолдарын көрсетті, студенттерді әртүрлі қазақстандық әліппелермен, өз қолымен әзірленген балақай-кітапшалармен, жазулармен және балалардың каллиграфиясы мен хатын әзірлеуге арналған дәптерлермен таныстырды.
Студенттер Ольга Александровнамен мектеп практикасынан өту, жеке кеңес беру арқылы қарым-қатынасты жалғастыруға ниет білдірді.