Мектепке дейінгі ұйымдар үшін қалалық семинар өткізілді

2018 жылдың 11 қаңтарында №9 «Нұршашу» балабақшасы МКҚК-де Қазақстан Республикасының астанасына 20 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру: балалар, армандар, келешек» тақырыбында семинар өтті.

Пленарлық мәжілісте №9 балабақшасының меңгерушісі Малибаева Бақыт Ахметқызы құттықтау сөз сөйледі. Ол эксперименттік алаң және адамгершілік-патриоттық тәрбие беру бойынша кластердегі жұмыс туралы айтты.

Шақырылған спикерлер – Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптаушы кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шаймерденова Нұрсулу Жамалбекқызы, филология ғылымдарының докторы, Еуразия гуманитарлық институтының доценті Аманжолова Джемма Болатқызы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Бөрібаева Майнура Абілтайқызы тұлғаны рухани-адамгершілік және мәдени дамытуға арналған презентацияларын көрсетті. Сонымен бірге семинардың пленарлық бөлімінде филология ғылымдарының кандидаты Маликова Жанар Даулетпайқызы сөз сөйледі. Ол балабақшадағы орыс тілі мұғалімі ретіндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Семинар жұмысына және талқылауға Астана қаласы №9 «Нұршашу», №6 «Көктем», №24 «Айналайын», №29 «Ақ қайын», №58 «Өркен» балабақшаларының меңгерушілері, педагогтары мен мамандары қатысты.