«Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын ұлттық құндылықтар негізінде жаңартудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

«Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын ұлттық құндылықтар негізінде жаңартудың жолдары» тақырыбындағы ынталы ғылыми-зерттеу жұмысы аясында 2025 жылдың 30-сәуірінде №36 «Балапан» балабақшасында «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын ұлттық құндылықтар негізінде жаңартудың жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын ұлттық құндылықтар негізінде жаңартудың жолдарын практик-мамандармен бірлесе отырып талқылау, білім беру мен тәрбие процесіне енгізу жолдарын қарастыру.

Дөңгелек үстел барысыныда педагогика және тарих кафедрасының доценті, п.ғ.к. Ақжарқын Бадел қазақ этнопедагогикасын мектепке дейінгі ұйымдарда қолдану деңгейіне қарай қазақ балалар фольклоры, салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, ұлттық өнер, этноэкология бағытында топтап, қолдану жолдарын көрсетті. Балабақша педагогтері аталған тақырып бойынша талдай отырып, тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырды.