Мемлекеттік рәміздер күні

2022 жылдың 2 маусымында куратор Б.Б. Мажитова Ф-19-01 («Қаржы» білім беру бағдарламасы) академиялық тобының студенттеріне «Қазақстан Республикасының рәміздері – ұлттық мақтаныш» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: студенттерді патриоттық сезімге және өз Отанына деген сүйіспеншілікке, Отанымыздың мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу болып табылды.